2025 жылдың алты айында ел жолдарында жылдамдықты асырып жүрудің 3 миллионнан астам дерегі тіркелген, деп хабарлайды F16.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Жылдамдық режимін сақтамау жол-көлік апаттарының басты себептерінің бірі болып отыр. Атап айтқанда, жарты жылда елді мекендерде жылдамдықты арттыру салдарынан 1 129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 95 адам қаза тапты. Ал республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 986 апат болып, 180 адам көз жұмды, – деп жазады дерек көзі.
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтау жай ғана талап емес, әр адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды ереже екенін тағы бір мәрте ескертеді.