Алдағы оқу жылында елімізде 273 мыңнан астам балақай мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сенсек, 2025 жылғы 1 сәуірден Қазақстанда 1-сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау науқаны басталды.
– Бүгінге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.