Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан 43 жастағы науқас әйел Өскемендегі ауруханаға тікұшақпен шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, МИ-8 тікұшағын тізгіндеген «Қазәуеқұтқару» ұшқыштары Дулат Ахметов пен Азамат Қабден санавиация дәрігерлерімен бірге науқасты дер кезінде діттеген жерге жеткізді.
Әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ТЖМ-нің тікұшағы жұмылдырылды. Мұндай рейстер жоғары кәсіби дайындықты, тәжірибені талап етеді. Экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті, пациент медицина мекемесіне жеткізілді, — делінген ведомство хабарламасында.
«Қазәуеқұтқару» мамандары мұндай жағдайда азаматтарға жедел әрі сапалы көмек көрсету басты міндет екенін атап өтті.




