ШҚО-да Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң аясында ШҚО-да 44 адам түрмеден босап шығады, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалпы өңірде 405 сотталған адам рақымшылыққа іліккен. Оның ішінде 44 адам толығымен босатылса, 361 адамның жаза мерзімі қысқартылады. Соттарға 234 материал жіберіліп, 31-і қаралған.
Рақымшылық – тек құқықтық рәсім емес. Қылмыс жасағандарға гуманизм қағидасын қолдану — бұрынғы қателігін қайталамай, жаңа өмір бастауына беріліп отырған мүмкіндік. Яғни, адамдардың қаншалықты өзгергенін, екінші мүмкіндікті қаншалықты оңынан қолданатынын бақылаймыз. Бұл рақымшылыққа ілінгендер үшін қуаныш, олардың қоғамға бейімделуі – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті, — дейді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.