Бұл арнайы киімдер төтенше жағдайлар қызметі мамандарының жұмысын жеңілдетіп, миссиясын жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне берілген жиынтықта бас киім, гидро футболка, ыңғайлы шорты, суда киетін аяқ киім, құтқару кеудешесі және құтқару құралы-қалтқы бар. Аквакостюм құтқарушыларға аптап ыстықта да, қатты дауылда да жұмыс істеуге өте ыңғайлы.
Материалдық-техникалық базаны жаңғырту арқылы еліміздің ТЖМ оқыс оқиғаларға жедел әрекет етуді, дер кезінде көмекке келуді және құтқарушылардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.




