F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Грант иегері атана алмаған талапкердің тегін оқуға мүмкіндігі бар

F16 F16
08.08.2025, 12:00
Білім мен ілім, Жаңалықтар
Фото: Тілеубек Шаяхмет

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грантқа қол жеткізе алмай қалған талапкерлерге тегін білім алудың басқа да мүмкіндіктері бар екенін ескертеді, деп хабарлайды F16.kz.

Күні кеше 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. 2025-2026 оқу жылына республика бойынша 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60 пайызы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20 пайызы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.

Сондай-ақ «Білім туралы» заңға сәйкес, квоталық категориялар ескерілді. Мысалы: жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар; көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан балалар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.

Бұдан бөлек мемлекеттік грантқа ілінбей қалған талапкерлерге тегін оқудың басқа да жолдары бар екенін айта кету керек.

РЕКТОРДЫҢ ГРАНТЫ

Ректордың гранты — бұл жоғары оқу орындары тарапынан белсенді, білімді және әлеуметтік жағынан осал санатқа жататын талапкерлерге ұсынылатын арнайы қолдау түрі. Биыл мұндай гранттардың жалпы саны 2 000-нан асады.

Мысалы: «Туран-Астана» университеті «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған талапкерлерге төрт жылдық ректор грантын ұсынады. Сол сияқты Халықаралық туризм және меймандостық университеті 680 мақсатты грант бөліп отыр

ӘКІМНІҢ ГРАНТЫ

Білімге құштар талапты жастардың тегін оқуына мүмкіндік беретін тағы бір жол – әкімдік (жергілікті атқарушы органдар) ұсынатын гранттар. Бұл гранттар облыс-қала әкімдіктері тарапынан сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлау және әлеуметтік жағынан осал отбасыларды қолдау мақсатында бөлінеді. Биыл жергілікті атқарушы органдар 1700-ден астам бакалавриат грантын бөлді.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ГРАНТЫ

Бұл гранттар жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасындағы келісім негізінде беріледі. Мақсаты — маманды оқытып, кейін сол кәсіпорында жұмысқа орналастыру.

ҚОРЛАР МЕН ДЕМЕУШІЛЕРДІҢ ГРАНТЫ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры биыл 500 грант бөледі.

«KAZENERGY» қауымдастығы жыл сайын инженерия, IT, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында білім алғысы келетін жастарды іріктеп, оқытуға қаражат бөледі. Бұл гранттар Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары есебінен қаржыландырылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ауыл жастарына арналған Murager білім беру бағдарламасы аясында гранттар ұсынады. Бұл бағдарламада уран өндіру, геологиялық барлау, ядролық-отын циклі, энергетика, экология және ғылым салалары қамтылады.

ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕР

Кей жағдайда талапкерлер гранттан бас тартуы мүмкін, ондайда тегін оқу мүмкіндігі жоғары балл жинаған келесі үміткерге беріледі. Сондай-ақ талапкер оқуды ақылы түрде бастап, кейін академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда мемлекеттік грантқа ауысу мүмкіндігі де бар.

Тегтер: F16БілімгрантҒылым және жоғары білім министрлігітегін оқу
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған