«Қазақстан халқына» қоры Шығыстың бас шаһарындағы №8 арнайы мектеп-интернатын арнайы жабдықтармен қамтамыз етті, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, аталмыш қор «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» жобасы аясында ел бойынша 97 арнайы мектеп пен арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми–практикалық орталығын жабдықтаған. Оның жалпы сомасы 2 миллиард 700 миллион теңгеден асады.
№8 арнайы мектеп-интернаты 2023 жылы ерекше балаларға арналған оқу-құралдарымен, заманауи жабдықтармен қамтылған.
Бізде ақыл-ой дамуы бұзылған және ерекше балалар оқиды. Өткен 2024-2025 оқу жылында 166 оқушы білім алды. Қордың көмегімен тілдік бұзылыстарды түзетуге, ірі және ұзақ моториканы дамытуға, әлеуметке бейімдеп, дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы құрылғылар сатып алынды. Ол балаларға оң нәтиже беріп қоймай, мұғалімдердің де жұмыс сапасын арттырады, — дейді №8 арнайы мектеп-интернатының директоры Айгүл Кәртенова.
Білім беру мекемесінде арнайы оқу бөлмелерінен бөлек, психологтың кабениеті, тігін шеберханасы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабениеті мен ағаш бұйымдарын жасауға арналған шеберхана да бар.
Балалардың біліп алумен қатар, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға да көңіл бөлінеді. Мәселен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабениетінің өзі бірнеше бағытқа бөлінеді, балалар ас үй тәртібін, киім үтіктеу, микротолқынды пешпен жұмыс істеу сияқты күнделікті өмірде қажеттіліктерін де меңгере алады, — дейді мектеп-интернатының директоры.
«Қазақстан халқына» қоры қазіргі күні облыс бойынша 219 миллион теңгеге 8 арнайы-мектепті жабықтаған.




