F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да агроөнеркәсіп саласының үздіктері марапатталды

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
24.11.2025, 21:50
Агросектор, Ауыл шаруашылығы, Басты, Жаңалықтар, Экономика
ШҚО-да агроөнеркәсіп саласының үздіктері марапатталды

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу саласы қызметкерлерінің күні кең ауқымды шарамен аталып өтті. Өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген фермерлер, кәсіпорын мамандары, ғалымдар мен сала ардагерлері бір жерде бас қосып, жыл бойғы еңбектің нәтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды F16.kz порталы.

Соңғы жылдары облысымыз аграрлық секторды жаңарту бағытында айтарлықтай ілгеріледі. 2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 17 пайызға өсті. Егістік алқаптарының 40 пайызында дәлме-дәл егіншілік қолданылып, дрондар мен смарт-суару жүйелері шаруашылықтардың басты құралдарының біріне айналды.

Облыстық филармонияда өткен салтанатты рәсім алдында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің аграрийлерімен кездесіп, жаңа маусымға дайындық, субсидиялау және қайта өңдеу ісін күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ аймақ басшысы ғимараттың екінші қабатында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы саласының көрмесінде әр ауданның инновациялық жобаларымен танысты. Ол саланың қарқынды жаңарып жатқанын, ауыл еңбеккерлерінің табанды еңбегі облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Осы ретте, бұл жолғы көрмеге аудандар мен қалалардың аграрийлері қонақьтар назарына өз өңірлерінде өндірілетін ең үздік өнімдерін ұсынғанын айту керек. Мәселен, Марқакөл ауданының фермерлері тары мен талқан, қымыз бен майды молынан ала келіпті. Тіпті, шекара шебіндегі ауданда кондитерлік өнімдер өндіріп, кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар екен.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсеновтың айтуынша, өңірде 600-ге тарта кәсіпкер жұмыс істейді. Бүгінде олар ауыл-аймақтағы ағайынның біразын тұрақты жұмыспен қамтып, шалғайдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына елеулі үлесін қосып отыр.

Мұндай ауылшаруашылығы тауарларының көрмелері мен жәрмеңкелеріне қатысатын Зайсан ауданының әдеттегідей көпшілікке ұсынатын өнімдерінің алуан түрлілігімен ерекшеленетіні бар. Бұл жолы да солай болды. Қонақтар назарына өнімнің түр-түрі ұсынылды.

– Бүгін біз MIGLIOR суы, тары-талқан, жент пен құрт, шұжықтың мол түрін әкелдік. Бұл өнімдеріміз облыс пен республика аумағына ғана емес, көрші елдерге де экспортталады, – деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Ал салтанатты жиынның өзінде Шығыстың ауыл шаруашылығы саласында ерекше көзге түскен мамандар марапатталды. Президенттік деңгейдегі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Құрмет» ордені, салалық медальдар, министрлік және облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Фермерлер, зоотехниктер, агрономдар, технологтар, кооператив жетекшілері мен кәсіпкерлердің еңбектері атап өтілді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің әр бағыты бойынша 22 номинация белгіленіп, дәнді дақылдар өндірісі, мал шаруашылығы, бал және балық шаруашылығы, қайта өңдеу, сүт өндірісі, кооперация, сондай-ақ саланы ақпараттық қолдау сияқты түрлі сектордың үздіктері марапатталды.

Сонымен бірге облыста өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі көрмесінің қорытындысы жарияланды. Шараға 11 аудан мен 2 қала қатысып, өнімдері мен өңірлік ерекшеліктерін көрсетті. Гран-при Өскемен қаласына берілді, ал Зайсан ауданы «Үздік аудан» деп танылды.

– Ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстанның ғана емес, бүкіл ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі саналады. Егіншілік пен мал шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтар өңірдің де, мемлекеттің де өркендеуіне елеулі үлес қосуда. Баршаңызға зор денсаулық пен қажымас қайрат тілеймін, – деді салтанатты жиында сөз сөйлеген ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Мерекелік іс-шара ән-жырмен жалғасып, облыстың шығармашылық ұжымдары мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері өнер көрсетті.

2025 жылдың қорытындысы Шығыс Қазақстанның республикамыздағы ірі аграрлық орталықтардың бірі ретінде өз позициясын нығайтқанын көрсетті. Егістік көлемінің ұлғаюы, жаңа технологиялардың белсенді енгізілуі, цифрландыру мен кооперацияны дамыту – мұның бәрі өңірдің аграрлық сектордағы жаңғыру бағыты әрі қарай да жалғасатынын білдіреді.

Тегтер: F16ауыл шаруашылығыкәсіби мерекеқайта өңдеутамақ өндірісіШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған