F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауыл баласы қалай Гарвардқа оқуға түсе алады?

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
30.10.2025, 14:18
Білім мен ілім
Ауыл баласы қалай Гарвардқа оқуға түсе алады?

Гарвардқа жолдама! Қазақстанның шалғай ауылдарындағы 64 мың бала әлемнің үздік жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі үшін сайысады, деп жазады F16.kz тілшісі.

Ауыл баласы қалай Гарвардқа оқуға түсе алады? Мұндай мүмкіндікті IQanat жобасының қамқоршылары – қазақстандық кәсіпкерлер сыйлап отыр. Бұл жоба жылдан жылға ауыл балаларының үздік білімге қолжетімділігін арттырып келеді. Былтырдан бастап Гарвард, Йель не Барқыт Лигасының басқа да университетіне оқуға түскен кез келген IQanat түлегіне толық грант беру туралы шешім қабылданды.

Мұндай перспектива республикамыздағы мыңдаған ауыл жасөспірімін қанаттандырады – дәл қазір осы мүмкіндік үшін сайыс жүріп жатыр. Қазақстан өңірлерінде IQanat Олимпиадасының 1-ші туры басталып, ол өткен жылдардың барлық рекордын жаңартты. Олимпиадаға 3 300 ауыл және 170-тен астам ауданнан 64 мың бала тіркелді.

– IQanat үшін балалардың бағалары маңызды емес. Бұл кезең аясында балалар кешенді тестілеуден өтіп, олардың математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау мен қазақ тілі бойынша білімі бағаланады, – деп жазады Олимпиада ұйымдастырушылары.

Шығыс Қазақстан облысында IQanat Олимпиадасына 1 800-ден астам қатысушы тіркелді. Жарыстар 11 ауданды қамтиды және 11 локацияда өтеді. Ұйымдастырушылар командасы 5 мың шақырымнан астам жол жүріп, әрбір оқушының өзін көрсетуіне, білімін тексеруіне және өз күшіне сенуіне мүмкіндік береді. Жергілікті жерде тестілеуді өткізуге 35 айқанаттық волонтер көмек көрсетеді.

Олимпиаданың барлық үш турынан сүрінбей өткен жеңімпаздарға қамқоршылар IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасы бойынша оқуға грант береді. Оның аясында балалар ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындалады, ағылшын тілін тереңдетіп, ІТ, кәсіпкерлік және soft skills дағдыларын дамытады.

 Жобаның Атқарушы директоры Азамат Ашамаев:

– Балалар үшін бұл расымен де олардың өмірін өзгертетін мүмкіндік. Біздің дайындықтан кейін IQanat түлектерінің 94%-ы ЖОО-на грантпен түседі. Өткен жылы IQanat Назарбаев Университетіне түскен түлектер саны бойынша үздік 5 мектептің қатарына кірді. Қазір онда біздің 90-ға жуық түлегіміз білім алып жатыр. Олардың саны тек өсіп келеді. Одан бөлек, «айқанаттықтар» шетелдік университеттерге оқуға түседі. Біздің түлектеріміз әлемнің 19 елінде білім алуда. Балалардың ынтасын одан әрі арттыру үшін жоба қамқоршылары америкалық беделді ЖОО-да оқудан бөлек, жатын, жол және өзге де шығындарды өтейтін грант бөлді. Ауыл балалары үшін мұндай мүмкіндіктер бұған дейін тек арман болатын.

Олимпиада аясында мотивациялық кездесулер мен тренингтер өтіп, оқушылар өз күшіне сенуге шабыт алады. Кездесулерге жобаның қамқоршылары келіп, процесті бақылайды және өз тәжірибесімен бөліседі.

IQanat қазақстандық 240 мықты кәсіпкердің басын қосады. Олар – жобаға қатысып жатқан балалар үшін үлгі. Қамқоршылардың бәрінің де өз оқиғасы бар және ол ерекше: олардың да көбі ауылда туған, тек өз білімі мен еңбегіне сүйеніп, жетістіктерге жеткен. Бүгінде олар «айқанаттықтарға» қолдау көрсетіп, өзгелерге осы жолмен жүріп өтуге көмектесіп жатыр.

Тегтер: F16IQanatБілімГарвардОлимпиадаРеспубликаШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27
Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14
Өскемендік оқушының жобасы 150 мың долларға сатылды ма?

Өскемендік оқушының жобасы 150 мың долларға сатылды ма?

16.04.2026, 15:00
Президент сыйлаған пәтер: жас ғалымдардың өмірі қалай өзгерді?

Президент сыйлаған пәтер: жас ғалымдардың өмірі қалай өзгерді?

15.04.2026, 09:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған