F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Заң және тәртіп»: ШҚО-да 70 мыңнан астам адамды қамтыған акциялар өтті

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
26.08.2025, 16:30
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Қылмыс
«Заң және тәртіп»: ШҚО-да 70 мыңнан астам адамды қамтыған акциялар өтті

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» идеологиялық тұжырымдамасы аясында жастар арасындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді. 2025 жылдың басынан бері өткізілген іс-шаралар 70 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Бақытжан Ербол мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбековтің айтуынша, өңірде нашақорлық пен лудоманияға (ойынқұмарлыққа) қарсы бағытталған кешенді шаралар қолға алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен ең қауіпті бес қатердің қатарында дәл осы екі проблема да бар.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері өңірде 70 іс-шара ұйымдастырылған, оның ішінде:

  • Студенттік жатақханаларда есірткі тарату фактілерін анықтауға бағытталған 3 рейд;
  • Наркологтар, психологтар және заңгерлердің қатысуымен 52 кездесу;
  • 5 спорттық жарыс, ондаған флешмоб пен челлендж;
  • 3 400-ден астам қатысушыны қамтыған ойындар мен сурет байқаулары.

Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар да белсенді атсалысуда. Атап айтсақ, «Феникс», «ОРТУС CLUB», «Uly Jospar» сияқты ұйымдардың мұрындық болуымен 1 740 адам қатысқан 14 акция өтті.

Мультимедиялық профилактикаға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, есірткі бизнесінің құрбаны болған жастардың шынайы оқиғаларына негізделген «Закладка» және «Бостандық елесі» атты қысқаметражды фильмдері түсірілді, тәуелділіктің зияны туралы подкасттар мен анимациялар әзірленді. Бұған қоса БАҚ пен әлеуметтік желілерде 1 600-ден астам ақпараттық материал жарияланды. Өскемендегі LED экрандарда бейнероликтер көрсетілуде.

Өңірде есірткі қылмысына қарсы заңнамалық шаралар да қабылданды. Айта кетейік, есірткі өндіруге қатысты қылмыстар үшін заң бойынша 15 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сондай-ақ «Закладшы» атанғандар алғашқы құқық бұзушылықтың өзінде-ақ 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Облыста «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында 100-ден астам есірткі жарнамасы бар граффити жойылды. Прокуратурамен бірлесіп 22 профилактикалық кездесу өткізіліп, жастарға қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.

Ойынқұмарлықпен күрес те назардан тыс қалған жоқ. Өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық пен лудоманияның қаупі туралы дәрістер өткізілді. Оларға экономистер, заңгерлер мен «Қарызсыз қоғам» жобасының менторлары қатысты. Сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылып, бақылау шаралары күшейтілді.

Айта кетейік, ШҚО – жастар, медицина мамандары және қоғам белсенділерінің қатысуымен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңесі құрылған алғашқы өңірлердің бірі. Кеңестің жұмысы тәуекел тобындағы жасөспірімдерді ерте анықтау, мамандардың жеке консультациялары, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны, 10 мыңнан астам оқушы тамашалаған «Құтқар мені!», «Таңдау» сияқты театр қойылымдары мен басқа да іс-шараларды қамтиды.

Тегтер: есірткімен күресҚылмыслудоманияӨскеменШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған