Өскеменде даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақтан шыққан грек-рим күресінен тұңғыш Олимпиада чемпионының құрметіне ұйымдастырылатын дода Өскемен қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Жекпе-жек сарайында жалауын желбіретпек.
Байрақты бәсеке 31 қазанда сағат 15:00-де басталады. Осы ретте жарыс ұйымдастырушылары шығысқазақстандық спортсүйер қауымды жарыстан шет қалмауға шақырады.
– Бозкілемге еліміздің үздік балуандары шығады. Жанкүйерлерді тартысты белдесулер күтіп тұр. Кел де, біздің спортшыларға қолдау көрсет! – деп хабарлайды Өскемен қаласының әкімдігінен.
Ұйымдастырушылар Өскеменде мұндай турнирлерді өткізуді дәстүрге айналдыруды мақсат етіп отырғанын да жеткізді.




