Бүгін облыс орталығындағы бірнеше көшеде ыстық су өшеді, деп хабарлайды F16.kz.
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшедегі көпқабатты үйлерде ыстық су болмайды.
14 шілде сағат 8:00-ден 18 шілде сағат 17:00-ге дейін Әл-Фараби, Сәтбаев, Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарындағы, Молдағұлова, Момышұлы, Жастар және Жібек жолы көшелеріндегі кейбір көпқабатты үйлерде ыстық су өшіріледі, Мекенжайлардың толық тізімін «Шығыс Жылу» АҚ-ның әлеуметтік желідегі (@ukts_info) парақшасынан көруге болады, — делінген кәсіпорын хабарламасында.
Сондай-ақ 14 шілде сағат 13:30-дан 15 шілде сағат 17: 00-ге дейін Қойшыбаев көшесі мен Чистиков көшесінде де ыстық су өшеді.




