Ертең Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, ертең облыстың солтүсігінде, шығысында қалың қар жауады.
Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүсігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Өскеменде 5 желтоқсан күні қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Таңертең екпіні 15-18 м/с жел соғады, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» АҚ көлік жүргізушілеріне ескерту жасағанын жазған едік.




