Облыс орталығының оқушылары 12 ақпанда тағы қашықтан оқиды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Көктайғақ, жауын-шашын мен бұрқасын жел болуына байланысты Өскемен қаласының 0-11 сыныптары екі ауысымда да қашықтан оқуға көшіріледі, — делінген хабарламада.




