Зайсан ауданында салынып жатқан әуежай құрылысының аумағында жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды F16.kz.
Еңбек инспекциясының мәлімдеуінше, құрылыс басында жарақат алған жұмысшы – шыны зауытының қызметкері.
«Шыны конструкциялар зауыты» ЖШС қызметкерінің бел омыртқасына зақым келген. Жарақат ауыр емес», — деп мәлімдеді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті.
Оқиғаны тергеумен комиссия айналысады.




