Биыл Зайсан ауданында ет өңдеу зауыты салынып, минералды су мен алкогольсіз сусындар шығаратын цех іске қосылады. Бұл туралы бүгін ауданда жұмыс сапарымен жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Сонымен қатар аймақ басшысы осы жылы Айнабұлақ ауылында кемпинг, қызыл кірпіш шығаратын зауыт салу, Қарабұлақ ауылында балық өңдеу зауытын қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылатынын атап өтті.
Фото: F16.kz