Бүгін ШҚО-да жоспарлы «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын оқу-жаттығуларының мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеру.
Жаттығу барысында:
• оқу дабылы бойынша күштерді көтеру;
• әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүру;
• түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.
Сондай-ақ оқу-жаттығу кезінде әскери техникалар көшемен жүріп өтіп, автокөлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін.
Облыс тұрғындарын сабырлық сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық іс-қимылдар оқу-жаттығу аясында жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді, — дейді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын қатаң сақтау керегі ескертіледі.




