21-29 шілде аралығында Шығыстың бас шаһарында әлемдік шахмат жұлдыздары мен жас спортшылар бас қосады, деп хабарлайды F16.kz.
«Oskemen Open 2025» халықаралық фестивалінің жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған жарыс 21 шілде күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да басталады.
Айта кетейік, Masters турнирі классикалық шахматтан Қазақстан кубогының екінші кезеңі болмақ.
Фестиваль үш турнирді қамтиды:
Masters: $78 000 ($18 000 — 1-ші орын, $14 000 — 2-ші орын, $10 000 — 3-ші орын, $1000 — 15-ші орын және 15-ші орыннан төмен болса, әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже).
Challengers: $15,000 ($4000 — 1-ші орын).
Open: $7000 ($2000 — 1-ші орын).
Challengers және Open турнирлерінде әйелдер мен жергілікті ойыншыларға арнап қосымша жүлделер бөлінген. Барлық турнир швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турмен өтеді.
Masters турниріне 20 елдің 75 ойыншысы: 20 гроссмейстер, 35 халықаралық шебер, әйелдер арасындағы екі гроссмейстер қатысады
Жастар мен тәжірибелі ойыншылар $4000 жүлдені сарапқа салып, үлкен алаңда өздерін көрсету мүмкіндігі үшін бәсекеге түседі.




