F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Туған жер — алтын бесігім: гран-приді Күршім ауданы жеңіп алды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
20.12.2025, 09:42
Жаңалықтар, Мәдениет, Өнер өрісі, Өскемен
Фото: ШҚО әкімдігі

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс жұртына таусылмас рухани азық сыйлаған «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аяқталды. Өскемендегі облыстық филармонияда бірнеше айға жалғасқан өнер жәрмеңкесінің қорытынды гала-концерті болды. Өңірдің аудан-қалаларынан келген кіл мықтылар көрерменге саф өнердің мәйегін ұсынды. Ал сахнада жарқыраған үздіктердің ішінен үздік шықққан Күршім ауданының шығармашылық ұжымы бас бәйгені еншіледі, деп хабарлайды F16.kz.   

Гала-концертке келген адамның қарасы тым көп болды. Залда ине шаншыр орын жоқ. Әр апта сайын ән-жырға сусындап әдеттеніп қалған өскемендіктер мен қала қонақтарын айтпағанда, облыстың түкпір-түкпірінен өнерпаздарына арнайы қолдау көрсетуге келгендер де аз емес.

Шығысымыздың төрінде сән-салтанаты жарасқан керемет кеш өтті. Соңғы 3 айда әр аптаның жұмасында өнерсүйер қауым осы концерт залына асыға келіп жүрді. Рухани, мәдени демалыс сыйлап, халықтың шөліркеп қалған көңілін сусындатқан барлық өнерпаздарға алғыс білдіремін!- деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Қорытынды концерттің бір ерекшелігі – аймақтың қала-аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар бір-бір нөмірден ұсынды. Облыстық филармония әртістері де сахнаға шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бұл кештің апогейі үш ай бойы өнер додасының көрігін қыздырған ұжымдарды марапаттау болды. Сонымен жүлделі үшінші орынды Марқакөл ауданы иеленсе, екінші орын Ұлан ауданына бұйырды. Бірінші орынға Тарбағатай ауданы лайық деп танылды. Ал «Туған жер – алтын бесігім» жобасының гран-приін Күршім ауданының өнерпаздары жеңіп алды. Бас жүлдеге облыс әкімдігі атынан 15 млн теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Тегтер: F16МәдениетөнерӨскеменСақтағановТуған жер - алтын бесігімШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған