Шығыс Қазақстан облысында алдағы күндері термометр көрсеткіші 30–38 градус аязға дейін төмендейді, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктер Қазақстан аумағына жылжып келе жатқан суық антициклонның ықпалымен алдағы күндері аяз түсетінін болжап отыр.
Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, — делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ертең өңірде тағы қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
14 қаңтар күні Шығыста күндіз -14…-17 градус, түнгі уақытта -25…-27 градус аязға дейін, 15 қаңтарда түнгі уақытта ауа температурасы -30…–38 градусқа дейін төмендейді, — дейді синоптиктер.
Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болуы мүмкін.




