Бүгін Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының бес спортшысы сынға түседі, деп хабарлайды F16.kz.
Бірінші болып жарыс жолына сағат 14.00-де Ростислав Хохлов шығады. Ол тау шаңғысынан сайысқа түседі.
Одан кейін 15.00-де шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Қос саңлақ 500 метр қашықтықта жүгіреді.
Соңғы болып 23.00-де шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных пен Данил Васильев жүлдеге таласады.
Ақ Олимпиада тікелей эфирде «Хабар», «Jibek Joly» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.




