«Алтай» футбол клубы биылғы маусымдағы соңғы кездесуін өткізді. Ел чемпионатының көшбасшыларының бірі – алматылық «Қайратқа» қарсы өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, өскемендік клуб Премьер-лигасында келер жылы да өнер көрсететін болды, деп хабарлайды F16.kz.
Маусымның шешуші кезеңінде «Алтай» футболшылары жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін турнир кестесінің төменгі сатысында тұрған командалармен тартысты бәсекеге түсті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша клуб 14-орынға тұрақтады.
«Қайратқа» қарсы кездесуде жерлестеріміз соңғы минуттарға дейін жеңіске деген жігерін танытты. Ойынның 82-минутында «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Елисей Горшунов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Нәтижесінде «Алтай» клубы 2026 жылғы маусымды аяқтап, 2027 жылы да ел футболының жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалды.




