Биылғы 6 маусымда Шығыс Қазақстан облысында AltayRace атты жаппай трейл-жүгіру өтеді. Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 5, 12 және 25 шақырымда бақ сынайды. Сондай-ақ балаларға арналған 1 шақырымдық жүгіру жоспарланған, деп хабарлайды F16.kz.
Негізгі жарыс — 5 шақырым. Қатысушылар таулы аймақта жүгіреді, шамамен 300 метр биіктікке көтеріледі. Бұл қашықтық жүгірумен жаңадан айналысып жүргендерге де қолайлы, тым ұзақ емес.
Жарыс жолы ойлы-қырлы жерлермен өтетіндіктен, қатысушылардан арнайы спорттық тәжірибе талап етілмейді. Алайда денсаулығы жақсы және базалық физикалық дайындығы болуға тиіс.
Жаппай жүгіру қарсаңында мамыр айындағы демалыс күндері тегін жаттығу өткізу көзделген. Қатысушылар трассамен алдын ала танысып, нұсқаушылардан кеңес ала алады.
Тәжірибелі спортшыларға 12 және 25 шақырымдық күрделі бағыттар ұсынылады. Бұл қашықтық оңай емес, желаяқтарға таулы-ойпатты жерлермен жүгіруге тура келеді.
Қатысушыларды тіркеу athletex.kz сайты арқылы жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа қатысу ақылы. Белгіленген уақыт ішінде мәреге жеткендерге арнайы медаль табысталады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат жасалады.




