F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Асқар Можанов: «Алтай Өскеменге» қаржы салатын инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр

F16 F16
30.03.2026, 10:29
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

«Алтай Өскемен» клубының Қазақстан Премьер-лигасына оралуы өңір спортына жаңа серпін берді. Дегенмен, жоғары деңгейдегі жарыста тұрақтап қалу үшін тек ойын нәтижесі емес, қаржыландыру, инфрақұрылым, кадр даярлау және жанкүйерлік мәдениетті қалыптастыру сияқты маңызды түйткілдер де ескерілуі қажет. Осы орайда клубтың қазіргі жағдайы, алдағы жоспары және шешілуге тиіс мәселелер туралы ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов айтып берді.

Фото: f.c.altai/instagram.com

– «Алтай Өскемен» клубының жаңа маусымдағы мақсаты қандай? Клуб басшылығына қандай міндет қойылып отыр?

– «Алтай Өскемен» футбол клубының жаңа маусымдағы негізгі мақсаты — Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап, үздік ондықтың қатарына ену. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Клуб басшылығы ұзақмерзімді нәтижелерге бағытталған жүйелі жұмыс қалыптастырып, клубтың тұрақты әрі тиімді жоба ретінде дамуына жағдай жасауды көздейді.

– Команда құрамы қаншалықты жаңарды?

– Команда құрамының шамамен 80 пайызы Бірінші лига кезеңінен бері бірге өнер көрсетіп келе жатқан, клубтың Премьер-лигаға көтерілуіне үлес қосқан ойыншылардан құралған. Негізгі мақсат — өзара түсіністігі қалыптасқан, ойын мәнерін жақсы меңгерген ойыншыларды сақтап, осы құрамды Премьер-лигада тәжірибесі мол ойыншылармен және легионерлермен толықтыру арқылы күшейту.

– Қаржыландыру мәселесі толық шешілді ме?

– Әзірге қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан жоқ, серіктестермен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Легионер ойыншылардың еңбекақысы мен отандық ойыншыларға белгіленген лимитке байланысты қосымша қаржы қажет. Осы бағытта клуб жаңа серіктестер тарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Фото: f.c.altai/instagram.com

– Клуб инфрақұрылымын (стадион, жаттығу базасы) ҚПЛ талаптарына сай жабдықтау үшін не істеліп жатыр?

– Маусым басталар алдында клуб инфрақұрылымды Қазақстан Премьер-лигасының талаптарына толық сәйкестендіруге және стадионның лицензиядан өтуіне ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта стадион алаңының жабынын жаңарту, трибуна ішін жөндеу, LED-борттарды орнату және жарықтандыру жүйесін жетілдіру жұмысы атқарылып жатыр.

– «Алтай Өскемен» үйдегі ойындарын қайда өткізеді?

– Осы маусымдағы алғашқы екі үй ойынын Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» стадионында өткізеді. Кейінгі үй матчтарын Өскемендегі «Восток» стадионында өткізуді жоспарлап отырмыз.

– Клубты жекеменшікке беру мәселесі қарастырылып жатыр ма? Бүгінде әлеуетті инвесторлар бар ма?

– Клуб қазір жекеменшік құрылым ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың футбол клубтарын коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өңір кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіліп, клубқа серіктестік орнату мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазір негізгі әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, соңына таяп қалды.

Фото: f.c.altai/instagram

– Жергілікті ойыншыларға мүмкіндік беріле ме? Қазір команда сапында Өскемен футбол мектебінен түлеген қанша футболшы бар?

– Команданың негізгі құрамында жергілікті мектептің сегіз тәрбиеленушісі бар. Оларға алдағы уақытта да тұрақты түрде мүмкіндік беріледі. Соңғы ойындарда клуб түлегі Сергей Хижниченко, Дмитрий Шмидт және Досжан Кенжеғұловтар алаңға шығып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.

– Академия немесе футбол орталығын дамыту жоспары бар ма?

– Клубтың стратегиялық бағыттарының бірі — өз тәрбиеленушілерін даярлап, негізгі құрамды жергілікті ойыншылармен толықтыру. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жас футболшылардың республикалық жарыстармен қатар халықаралық турнирлерге қатысуына мүмкіндік жасалып жатыр және бұл ары қарай жалғасын табады.

Фото: nikola.jambor/instagram

– Клубтың жанкүйерлерін көбейту үшін қандай жобалар қолға алынады?

– Клуб Бірінші лигада өнер көрсеткен кезеңнен бастап тұрақты жанкүйерлік аудитория қалыптастыра алды. Қазір фан-клубты кеңейту және белсенділігін арттыру бағытында шаралар қолға алынған. Мысалы, Премьер-лиганың екінші туры аясында «Елімаймен» болған матчқа жанкүйерлерді апару үшін Өскеменнен Астанаға дейін арнайы 48 орындық автобус тегін ұйымдастырылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғаса береді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Тегтер: F16Алтай-ӨскеменМожановСпортфутболШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған