F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан экономикасы қайда бара жатыр?

admin_f16 admin_f16
18.05.2025, 14:30
Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша, биылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті, деп хабарлайды F16.kz.

ҚАЙ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР?

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының аға сарапшысы Рамазан Есенғазиев бұл өсім экономиканың негізгі секторларындағы тұрақты және оң серпінді көрсететінін атап өтті.

Жалпы айтқанда, ЖІӨ өсімі өнеркәсіптік өндірістің де, қызмет көрсету саласының да теңгерімді дамуымен байланысты, олар сәйкесінше шамамен 7,5% және 5,3% өсті. Сонымен қатар инвестицияларды да ерекше атап өткен жөн, олардың негізгі капиталға шаққандағы көлемі 13,7%-ға, бұл ретте, өңдеу өнеркәсібінде әсерлі 34,3%-ға өсті. Мұның бәрі бүгінгі таңда экономиканың өсу сипаты шынымен де сапалы екенін көрсетеді, – деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ ол өнеркәсіп салалары, оның ішінде тау-кен және өңдеу, құрылыс, сауда және көлік салалары экономиканың өсуіне үлкен үлес қосатынын атап өтті. 

Көлік және қоймалау – 22,4%-ға, құрылыс – 16,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі –7,2%-ға, тау-кен өндіру – 7,1%-ға, соның ішінде мұнай өндіру 8,8%-ға ұлғайды. Сауда-саттыққа келетін болсақ, көлем шамамен 7%-ға өсті, – деді Рамазан Есенғазиев.Статистика деректері өнеркәсіптік өндірістің оң динамикасын растайды. Өнімнің жалпы өнімі 6,6%-ға өсті, бұл ретте, машина жасау – 11,2%, тамақ өнімдерін өндіру – 12%, мұнай өңдеу – 13,7%, химия өнеркәсібі – 11,2%, металл бұйымдарын өндіру – 21,6%, құрылыс материалдарын өндіру 12,9% қосты. Сондай-ақ көмір өндіру11,2%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2%-ға ұлғайды.

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Сарапшы маман тамақ өнімдерін өндірудің, машина жасаудың, жабдықтарды жөндеу мен орнатудың өсуі арқылы қамтамасыз етілетін өңдеу өнеркәсібінің дамуын ерекше атап өтті.

Мұнда оң динамика ішкі және сыртқы сұраныстың өсуіне, тау-кен компаниялары тарапынан шикізаттың тұрақты жеткізілуіне, сондай-ақ құрылыс материалдары мен компоненттерінің едәуір көлемін қажет ететін көптеген инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты болуы мүмкін, — деп түсіндірді Рамазан Есенғазиев.

Сонымен қатар биылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда шамамен 4,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 6,8%-ға артық. Көлік қызметтерінің көлемі 22,4%-ға өсті, бұған ең алдымен теміржол және құбыр арқылы жүк тасымалының өсуі ықпал етті.

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ

Инвестициялық белсенділіктің өсуі — экономиканы қолдаудың тағы бір маңызды факторы. Биылғы алғашқы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемі, былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға өсті. Бұл ретте Рамазан Есенғазиев инвестициялық белсенділіктің негізгі драйверлері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру екенін атап өтті.

Осы бастамалар аясында бүкіл ел бойынша жаңа мектептер салынып, жұмыс істеп тұрған білім беру мекемелері жөнделіп жатыр, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылады. Бұдан басқа көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалар — теміржол нысандарын салу, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру және басқа да ірі жобалар инвестициялық белсенділікке оң әсер етіп отыр, – деді ол.

Инвестициялық жобалардың елеулі саны өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде металлургия, мұнай-газ өңдеу, химия өнеркәсібі және машина жасауда да көрініс тапты.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01
Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30
Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған