Қазақстандық спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы атанды., деп хабарлайды F16.kz.
Ол финалды Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді сенімді жеңіп, алғашқы медальді қоржынға салды.
Айта кету керек, бұл Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.
Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартыай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті, — дейді Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысып жатыр.




