Бүгін 10.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы тас жолдарда тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жектеу енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД-ның мәлімдеуінше, аталған көлік түрлеріне шектеу енгізуге ауа райының қолайсыздығы, яғни көріну деңгейінің төмендеуі және көктайғақ себеп болған. Шектеу Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы бағытындағы тас жолдың 1104–1191 шақырымында (Глубокое кенті мен Шемонаиха қаласының арасы), Өскемен – Риддер – РФ шекарасы бағытындағы тас жолдың 15–105 шақырымында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы) енгізілді.
Сондай-ақ бүгін сағат 10.00-ден бастап облыстық маңыздағы Шемонаиха – Секисовка жолының 0–56 шақырымында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктеріне шектеу енгізілді.




