2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты елеулі өзгерістер қамтылған, деп хабарлайды F16.kz.
Негізгі өзгерістер:
- ЖТС-тің жаңа құрылымы енгізілді: табыстарды жіктеу, салықтық жеңілдіктерді жүйелеу.
- Прогрессивті мөлшерлемелер енгізілді:
- 8 500 АЕК-ке дейін (≈ 33,4 млн тг) – 10%.
- 8 500 АЕК-тен жоғары – артық сомасына 15%.
- Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары) табыстары 9% мөлшерлемемен салық салынады.
- Дивидендтер бойынша 30 000 АЕК-ке дейінгі жеңілдік жойылды. Жаңа шкала: 230 000 АЕК-ке дейін – 5%, одан жоғары – 15%.
- Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен:
- 230 000 АЕК-ке дейін – 10%,
- одан жоғары – 15%.
- Шаруа қожалықтарына салық сомасын 70%-ға азайту құқығы берілді (3%).




