Биыл күллі мұсылман қауымы қадір тұтқан қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 ақпанда аяқталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Қадір түні наурыздың 17-сіне қараған түні болады. Ал Ораза айт мейрамы 20 наурызда тойланады.
Рамазан – ислам күнтізбесіндегі тоғызыншы ай, ол ай цикліне негізделген. Ол айдың шығуынан басталып, айдың көрінетін фазаларына байланысты 29 немесе 30 күнге созылады. Бұл айда мұсылмандар таң атқаннан күн батқанша ішіп-жеуден, нәпсі қалауынан және басқа да жағымсыз әрекеттерден тыйылады, рухани құндылықтарға мән береді, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектеседі.
Құрбан айт мейрамы 27 мамырда басталып, 29 мамырға дейін жалғасады.





