Өскемендік тәртіп сақшылары алдағы үш күнде борышкерлердің ізіне қайта түседі. Бүгін қалада «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Жолдарда рейд жүргізіліп, айыппұлдан жалтарған борышкерлерге әкімшілік шара қолданылады. Көшелерде бақылау күшейеді. Бұған дейін айыппұл арқалаған жүргізушілер арнайы жүйемен анықталады, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 810-бабына сәйкес хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50 пайыз ғана төлеуге болады.
Естеріңізге сала кетейік,өңірде 1 қыркүйектен бастап «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның аясында тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындармен кездесу өткізеді.




