Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен шеберлік байқасады. Алғашқы ойын 5 тамызда Алматыда өтсе, қарымта матч 12 тамызда Братиславада болады, деп хабарлайды F16.kz.
Кеше Алматыда өткен Чемпиондар лигасының екінші іріктеу турнирінің қарымта кездесуінде «Қайрат» Финляндияның КуПС командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге жолдама алды. Алғашқы ойында алматылық ұжым қонақта 2:0 есебімен жеңілген.
Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Қайрат» жігіттері Словенияның «Олимпия» командасымен қонақта тең ойнап, қарымта матчта 2:0 есебімен басым түскен.
Айта кетейік, «Слован» командасы 1919 жылы құрылған. Өз елінің 15 мәрте чемпионы және бес рет күміс, алты рет қола жүлдегер атанған, 10 рет Словакия кубогын иеленген.
Бір қызығы, словакиялық клубтың бас бапкері Владимир Вайсс 2013-2015 жылдары алматылық «Қайратты» жаттықтырған.




