Ұлттық экономика министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын таныстырды, деп хабарлайды F16.kz.
Құжатқа сәйкес, ең төменгі зейнетақы 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін өссе, базалық зейнетақы 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін жоғарылайды. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болады.
2028 жылға қарай зейнетақы мөлшері арта түседі деп болжам жасалып отыр: ең төменгі зейнетақы шамамен 78 мың теңге (144 доллар), базалық зейнетақы 40 мың теңге (73,9 доллар) көлемінде болады.
Сондай-ақ алдағы жылдары Қазақстанда зейнеткерлер саны 2,6 миллион адамға жетеді деген болжам бар.
2028 жылға қарай елдегі орташа айлық жалақы 500 890 теңгеге (924,8 доллар) шамасында болады, бұл 2025 жылғы деңгейден 19%-ға жоғары.




