11-12 қазан күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңкеге өңірдің 12 ауданынан келген шаруа қожалықтары мен 20-дан астам кәсіпорын қатысып, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін ұсынады.
Келушілерге ет, сүт өнімдері, бал, көкөніс және басқа да тағам түрлері нарықтағы бағадан 10–20% төмен бағамен ұсынылады.
10 қазан күні Шығыс Қазақстаннан 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі елордаға арнайы керуенмен жеткізіледі.
Өтетін орны: Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы.




