Ел Үкіметі әскери қызметке шақыру тәртібін жетілдіруге бағытталған қаулы жобасын жариялады. Соған сәйкес енді әскерге шақыру SMS арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды F16.kz.
Құжат «Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейді. Жобаның мақсаты – әскерге шақыруды ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қалыптастыру.
Енді әскерге шақыруды кейінге қалдыру рәсімі мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар әскери есептегі азаматтарға жолданған SMS-хабарламалар ресми шақырудың заңды түрі ретінде қарастырылмақ.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжат қоғам талқылауына ұсынылды.




