Сенбі, 20 желтоқсанда Өскемен қаласының төрт ауданында бір мезгілде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңкелер келесі мекен жайларда өтеді:
-
«Алтай» көтерме-тарату орталығы (Жібек жолы көшесі, 44);
-
«ДосНар» базары (Виноградов көшесі, 17а);
-
«Керуен» сауда үйі (Утепов көшесі, 3, ЖМК ауданы);
-
«Валентина» сауда үйі (Шаяхметов көшесі, 13, Согра шағын ауданы).
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері таңғы сағат 8.00-де басталып 15.00-ге дейін жалғасады.
Онда тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрі нарықтағыдан төмен бағада ұсынылады. Атап айтқанда, ет және сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жеміс-жидектер сатылымға шығарылады.




