Ауа райының қолайсыздығына, қатты аязға байланысты байланысты Отбасы Fest келесі аптаға шегерілді. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Отбасы фестивалі Өскемен іргесіндегі Шешек асуында 7 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, синоптиктер бұған дейін 27-28 ақпан күндері өңірде аяз күшейе түсетінін мәлімдеген.
7 наурызда фестиваль одан да ауқымды, одан да қызықты форматта өтеді деп сенеміз. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз негізінде (автотұрақ, санитарлық тораптар және басқа да мәселелер бойынша) тиісті жұмыстар жүргізілді, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.



