F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ертең жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

F16 F16
13.03.2026, 16:28
Жаңалықтар
Ертең жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

Фото: F16.kz

14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды, деп хабарлайды F16.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызды жаңа форматта атап өту 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген. Ол Наурызды тек бір күндік мереке ретінде емес, адамдардың жүздесіп, игі істер істеп, жаңарып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтатын кезең ретінде қабылдаған тарихи дәстүрге негізделеді.

Наурызнама аясында биыл еліміз бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Онкүндіктің әр күні қоғамның негізгі құндылықтарын айқындайтын жеке тақырыпқа арналады.

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл – адамдардың бір-бірімен жүздесіп, амандасып, жылы лебіздерін білдіретін, сағынысып көрісетін күн.

15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күн мейірімділікке, қамқорлық пен жанашырлыққа арналды.

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Ұлттық мәдениет пен ата-баба дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған күн.

17 наурыз – «Шаңырақ күні». Отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және шаңырақтың бірлігін айшықтайтын күн.

18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Ұлттық киімнің халықтың мәдени болмысы мен бірегейлігінің маңызды бөлігі екенін насихаттайтын күн.

19 наурыз – «Жаңару күні». Жаңғыру мен жасампаздықты, жаңа бастамалар мен игі өзгерістерді білдіретін күн.

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен дәріптеуге арналған күн.

21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бірлік пен ынтымақты, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуды мақсат ететін күн.

22 наурыз – «Жыл басы». Наурыз мейрамының басты күні. Ол жаңа жылдың басталуын, табиғаттың жаңаруын, береке мен молшылықты білдіреді.

Наурызнама онкүндігі 23 наурыз – «Тазару күнімен» аяқталады. Бұл күн тазалықты, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын насихаттауға арналған.

Наурыз мейрамын атап өтуге ел өңірлері де белсенді түрде атсалысуда. Облыс орталықтары мен қалаларда концерттер, фестивальдер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, жәрмеңкелер, отбасылық және жастар акциялары, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, сондай-ақ экологиялық бастамалар ұйымдастырылады.

Бүгінде Наурызнама – жай ғана мерекелік күнтізбе емес, қоғамдағы бірлікті нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді кеңінен насихаттауға және халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған ауқымды жалпыұлттық мәдени бастамаға айналды.

Тегтер: TopнаурызНаурызнама
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған