Бүгін, 31 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series жаңа турнирі аясында екінші матчын өткізеді, деп хабарлайды F16.kz.
Белгілі қазақстандық бапкер Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық құрама Комор аралдарының командасымен өз алаңында ойнайды. Кездесу «Астана арена» стадионында Қазақстан уақытымен 17.00-де басталады. Матчті тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен ұтқан. Соның нәтижесінде Байсуфинов шәкірттері үш ұпаймен топта көш бастап тұр. Намибияда – екі, Комор аралдарында – бір ұпай бар.
Ұлттық құрама ойыншылары бүгінгі матчта жеңіске жетсе, тіпті негізгі уақытта жеңілмесе өз тарихында алғаш рет трофейге қол жеткізеді.
FIFA Series — ресми трофейі бар, FIFA ұйымдастырып жатқан турнир.




