Өскеменде өтіп жатқан «Altay Invest-2025» форумына қатысуға келген мәртебелі меймандар алқалы жиын басталмай тұрып Жеңіс мемориалына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды F16.kz.
Салтанатты рйсімге Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Олар екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды және майданда шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Естеріңізге сала кетсек, Шығыстың бас шаһарында өтіп жатқан «Altay Invest-2025» форумына әртүрлі мемлекеттен келген кәсіпкерлер, дипломаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиылған. Форум аясында Шығыс Қазақстан облысы мен қатысушылар арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылып, болашақта жүзеге асырылатын ірі жобаларға бастама болады.




