Бүгін өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұған дейін «Қазгидромет» ШҚО филиалының облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғатынын мәлімдеген, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға алыс сапарларға шықпауды сұрайды. Жолға шығу қажет болған жағдайда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, қажетті жабдықтарды міндетті түрде өзіңізбен бірге алып жүру керек.
Жол жағдайын алдын ада «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады. Мүмкіндігінше, байланыста болып, жақындарыңызға жүрген бағытыңызды хабарлап отырыңыз.Жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту шараларын қабылдау ескертіледі, — делінген хабарламада.




