F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Kaspi Gold енді ақылы болады: қызмет көрсету құны қанша?

F16 F16
11.02.2026, 11:23
Бизнес, Жаңалықтар, Қаржы, Қоғам
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Kaspi Bank қызмет көрсетуге жаңа комиссиялар енгізеді. Биылғы 31 наурыздан бастап қаржы институты Kaspi Gold картасы мен Kaspi Pay шоттары арқылы операция жүргізу ережелері мен тарифтерін жаңартады, деп хабарлайды F16.kz порталы «Бычий звоночек» телеграм арнасына сілтеме жасап.  

Бұл өзгерістер жылдық қызмет көрсету құнына, аударымдар мен қолма-қол ақша шешу комиссияларына қатысты болмақ.

Kaspi Gold: жылдық қызмет – 10 000 теңге

2026 жылғы 31 наурыздан бастап

Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету құны – 10 000 теңге;

картаны қайта шығару – 10 000 теңге;

басқа банктердің картасына аударым – 5%;

белгіленген шектен асатын толықтыру немесе басқа біреуден түскен қаражаттан 5% комиссия ұсталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бөлек шарттар енгізіледі. 2026 жылғы 10 мамырдан бастап 300 мың теңгеден асатын операцияларға 5% комиссия ұсталады.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қызметтердің біразы тегін болған.

Kaspi Pay: бизнеске арналған жаңа тарифтер

2026 жылғы 31 наурыздан бастап:

Kaspi Pay шотын ашу – 15 000 теңге;

ай сайынғы қызмет көрсету – 15 000 теңге;

сыртқы аударымдар – әр төлем үшін 1 теңге;

қолма-қол ақша шешу комиссиясы 0,95%-дан 5%-ға дейін өседі.

Әсіресе қолма-қол ақша шешу үшін алынатын комиссияның өсуі кәсіпкерлер қалтасына әжептәуір салмақ салады.

Өзгерістер кімдерге әсер етеді?

Kaspi.kz көрсетілген тарифтер бойынша 100%-ға дейін жеңілдік жасау құқығын сақтайды. Яғни кейбір клиенттерге бұрынғы жеңілдетілген шарттар сақталуы ықтимал. Мәселен, белсенді және адал клиенттерге, жалақы жобаларына қатысушыларға және банктің ішкі бағдарламаларына қосылғандарға жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.

Kaspi.kz ұзақ уақыт бойы тегін қызмет көрсету моделін ұстанып келген еді. Тарифтердің қайта қаралуы банк комиссияларының классикалық жүйесіне көшу белгісі болуы мүмкін. Енді клиенттер қаржылық әдеттерін қайта қарап, аударым көлемін бағалап, өз санаты бойынша жеңілдіктердің сақталатынын алдын ала анықтап алғаны абзал.

Тегтер: F16ақшаБанккаспий банкқаржыТұтынушы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17
Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған