Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында ел Үкіметі азаматтық авиацияны дамытуға бағытталған жұмыстарды қолға алған, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде Қазақстандағы әуе кемелерінің паркінде 104 бірлік техника бар. Оның ішіндегі 7 әуе кемесі елімізге 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген. Олар: 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы.
2030 жылға дейін әуе паркі тағы 103 ұшақпен толықтырылмақ. Бұл парктегі техниканың санын 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.
– Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады, – деп хабарлады Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Бүгінде еліміздің 9 облысында көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау мақсатында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 миллиард теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылуда.




