F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда есірткінің ең қауіпті түрлерін сату фактілері көбейді — Бас прокуратура

F16 F16
29.11.2025, 15:42
Жаңалықтар, Заң
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Берік Асыловтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің, ІІМ, ҰҚК, ҚМА, ТЖМ, әділет, қаржы, жасанды интеллект және цифрлық даму, оқу-ағарту министрліктерінің, Ұлттық банктің өкілдері, сондай-ақ АҚШ Елшілігінің, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бағдарламалық офисі мен ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің өкілдері қатысты.

Есепті кезеңде елде жалпы есірткі қылмысының төмендеуі байқалады (7374; -4%), алайда оның ең қауіпті түрлерінің, соның ішінде есірткі сату фактілерінің өсуі тіркелді (2245; +10%). Заңсыз айналымнан елеулі көлемде есірткі және прекурсорлар, оның ішінде синтетикалық заттар мен кокаин тәркіленді. Есірткі жеткізу бағыттарының 148 каналының жолы кесілді, жасырын зертханалар мен есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері анықталып, жойылды.

Қылмыстық жауапқа 4 884 адам, оның ішінде 58 кәмелетке толмаған тұлға тартылды. 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың, соның ішінде үш трансұлттық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Ауқымды халықаралық операцияларды, ірі партиядағы есірткіні тәркілеуді және онымен байланысты есірткі желілерін жоюды қамтитын жедел-іздестіру іс-шаралары іске асырылды.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдары ауқымды профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр. Әртүрлі форматта 10 мыңнан астам іс-шара өткізілді, есірткіні жарнамалайтын 60 мыңнан астам граффити жойылды. «Интернет желісіндегі есірткі бизнесін дестабилизациялау» алгоритмі бойынша 180 мыңнан астам есірткі шоты бұғатталды.

Халықаралық ынтымақтастықтың нығайғаны атап өтілді. 12 сыртқы бақыланатын жеткізулер жүзеге асырылды, сондай-ақ есірткі желілерінің қызметін тоқтату үшін 7 шет мемлекеттің уәкілетті органдарына материалдар жолданды.

2025 жылғы 2 қаңтардағы заңмен Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес есірткі өндірушілерге айтарлықтай қатаң жаза, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру шарасы көзделген.

Сонымен қатар, заң есірткі заттарын өндіруге және құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың, есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауаптылықты кеңейтті.

Прокуратураның бастамасымен қазірдің өзінде екі инновациялық құрал — отандық IT-әзірлеушілермен бірлесе әзірленген «Crypto Trace» және «ProkAi» есірткі қылмысына қарсы күресте пайдаланылуда. Олар интернеттегі есірткі бизнесінің ақшасын анықтауға және есірткі саудасын әшкерелеуге көмектеседі.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жеткізу арналарының жолын кесуді күшейту, интернет-ресурстарға цифрлық мониторингті кеңейту, жастар арасындағы профилактиканың тиімділігін арттыру, халықаралық үйлестіруді нығайту және есірткі қылмысына қарсы күреске заманауи технологияларды енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Бас прокуратура есірткі қауіптерінің тұрақты төмендеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестердің күш-жігерін одан әрі біріктіру қажеттігін атап өтеді.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23
Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38
ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00
Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуға тиіс - Аида Балаева

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған