F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Қиын заман мықты адамдарды жаратады»: шетелдегі жұмысын тастап, ауылға оралған жігіттің әңгімесі

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
11.07.2025, 13:01
Жаңалықтар, Самар
«Қиын заман мықты адамдарды жаратады»: шетелдегі жұмысын тастап ауылға оралған жігіттің әңгімесі

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында мал және өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы аз емес. Олардың арасында аудан мен облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып, жүздеген жерлесін жұмыспен қамтып отырған ірі қожалықтармен бірге, тың салаға енді ғана бет бұрған шағын фермерлер де бар. Солардың бірі деп Дәулет Шакеров басқарып отырған «Елдар» шаруа қожалығын айтуға болады, деп жазады F16.kz тілшісі.

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАУ – ПАРЫЗ

Жалпы, «Елдар» шаруа қожалығын жергілікті жұрт жақсы біледі. Палатцы ауылдық округінің аумағында орналасқан бұл қожалықтың біраз жылдық тарихы бар. Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын қарқынды дамып келе жатқан қожалықтың сол кездегі басшысы Ербол Шакеров кенеттен өмірден озғаннан кейін, көп нәрсе өзгерді. Бірақ, қожалық жұмысын тоқтатқан емес, қиындықтарды біртіндеп еңсеріп, өз жолына қайта түсті. Бұл жолы шаруашылықтың тізгінін марқұм Ербол Шакеровтің ұлы Дәулет ұстады.

Әкемнің ісін, Әкемнің жолын жалғау менің парызым екенін түсіндім. Сондықтан қожалықтың тізгінін өз қолыма алдым. Рас, көптеген қиындыққа тап болдық, ол қиындықтар қазір де бар. Шаруашылықты Әкем басқарған кезде мұнда 20-ға жуық адам жұмыс істеді, 1 мыңнан астам бас жылқы, 400 бас қазақтың ақбас сиыры, 1 500 бас байыс тұқымды қой болды. Мойынымызда 200 миллион теңгенің несиесі де бар еді. Оны осыдан үш жыл бұрын толық жаптық. Енді шаруашылығымызды одан әрі дамыту үшін жаңа техника сатып алып, мал басын көбейту қажет. Жақын арада материалдық-техникалық базаны жаңартуды және қосымша жұмыс күшін тартуды жоспарлап отырмыз. Қазір шаруашылықта үш адам еңбек етуде, – деді Дәулет Ерболұлы.

IT САЛАДАН – АГРОСЕКТОРҒА

Дәулет ауыл шаруашылығына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын саланың маманы болғандықтан алғашқыда қатты қиналғанын жасырмайды. Агросектордың негіздерінен бастауға тура келді.

Бір қызығы, ол 11 жылдан астам уақыт Қытай Халық Республикасында тұрып, сол жақта жоғары білім алған. Оқуды бітіргеннен кейін, сол елдің беделді IT-компанияларының бірі саналатын Alibaba Group Holding Aliexpress-те локализация және сапа жөніндегі жоба менеджері (LQA Project Manager) лауазымында жұмыс істеген. Артынша 26 мыңнан астам қызметкері бар Pactera International, сондай-ақ isoftstone сияқты бірқатар американдық фирмада қызмет атқарған. Қарап отырсаңыз, бұл компаниялардың ешқайсының аграрлық секторға еш қатысы жоқ.

Сегіз жыл бойы ауыл шаруашылығының негіздерін меңгеріп келемін. Мен өз фермамда жұмыс істеймін, аяқтан нық тұру, жетілу, заман ағысынан қалыс қалмау үшін болашаққа жоспар құрамын. Өмір бір орында тұрмайды ғой, күн сайын өзгерістер, жаңалықтар болып жатады. Ал аграрлық сектордың өзі бір әлем. Басында бұған мүлдем дайын болмадым, жұмысты неден бастау керектігін де білмедім. Қазір соның бәрін ақырындап үйреніп жатқан жайым бар, – деді Дәулет.

Дегенмен, Дәулет үшін жаңа нәрсені үйрену таңсық емес. Көп жыл шетелде тұрып, сол жақта білім алып, еңбектенгеннің арқасында ол бірнеше тіл меңгерген. Қазір қазақ тілінен бөлек, түрік, орыс, ағылшын және қытай тілдерін біледі. Бойына осыншама білім мен білікті ұштастыра білген кез келген азамат басқа салада жұмыс істеуді, тіпті өзге елде тұруды қалар еді. Алайда, біздің кейіпкеріміз басқа таңдау жасады.

«ОТАНЫМ ЖҮРЕГІМДЕ БОЛДЫ»

Дәулет Шакеров осы жылдар ішінде өзін батыл азамат, ең бастысы, туған жерінің нағыз жанашыры, патриоты екенін дәлелдей білді. Ол Отанына оралып, өзі үшін таңсық жұмысқа бел шеше кірісіп кетті. Бүгінде бір ұл тәрбиелеп отырған Дәулет Қазақстанның болашағы осы балақайлардың қолында екеніне сенеді.

Қазақстан – ең әдемі, ең керемет ел! Қайда жүрсем де Отаным жүрегімде болды. Болашақта біздің ел әлемдегі ең қуатты және дамыған мемлекеттердің бірі болады деп сенемін, – дейді кейіпкеріміз.

Дәулет Сократтың «Қиын заман мықты адамдарды жаратады. Мықты адамдар жақсы заманды әкеледі» деген сөзін мықтап жадына сақтаған. Оған қарап, елдің болашағы өз Отанының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын әрбір азаматтың күш-жігеріне байланысты екенін түсінесің. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген сөзінің өзектілігіне көз жеткізесің. Дәулет сияқты азаматтардың еңбекқорлығы, Отанға деген сүйіспеншілігі еліміздің жастары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс.

Қанат Қайырғазықызы

Тегтер: F16КәсіпкерСамар
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған