Өскемен қаласында жүргізілген рейд барысында қос азаматтықпен жүрген адам анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды F16.kz.
Ер адам 8 жыл бұрын басқа мемлекеттің азаматтығын алған. Алайда, Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланып келген.
Сот шешімімен ол елден шығарылып, ҚР азаматтығынан айырылды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері өңірде 50-ден астам қос азаматтық фактісі анықталған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елімізде қос азаматтыққа қатаң тыйым салынған. Дегенмен, кейбір азаматтар зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдерден айырылып қалмау үшін шетелдік төлқұжат алғанын жасырады. Мұндай әрекеттер заңға қайшы, әрі ауыр құқықтық салдарға әкеліп соғады, – делінген хабарламада.




