Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында өскемендік «Altai» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды, деп хабарлайды F16.kz.
Ойын 10 мамыр, жексенбі күні Өскеменнің «Восток» стадионында өтеді. Сағат 16.00-де басталатын ойынды кез келген адам келіп тамашалай алады, стадионға кіру тегін.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Өскеменде өтетін алғашқы матчқа шақырамыз. Сіздерді тартысты ойын мен ұмытылмас эмоциялар, Iphone, PlayStaytion, құлаққап, планшет сияқты бағалы сыйлықтар ұтысы, жанды дауыстағы бэнд пен басқа да қызықтар күтеді, — делінген хабарламада.




