Өскеменде Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары Үлкен Нарын ауданынан әкелінген сиыр, қой және жылқы етін, күнбағыс майы, бал, сүт өнімдері ала алады.
Сондай-ақ жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама мен спорттық ойындардар да ұйымдастырылады.
Жәрмеңке 24 мамыр күні сағат 08.00-ден бастап Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-тарату орталығында өтеді.
Фото: gov.kz



