Шығыс Қазақстан облысында 80 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл – өңір халқының 11 пайызы. Дегенмен кейінгі бір жылда сақтандырылмағандар саны 25 пайызға азайды, деп хабарлайды F16.kz.
Елдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары айтып берді. Өзгерістердің ішіндегі ең маңыздысы – жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ирина Степанованың айтуынша, енді әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға (D және E деңгейі), сондай-ақ ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгендерге МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл медицина көмегін алу мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуметтік осал топтарға үлкен қолдау болады.
Тағы бір жақсы жаңалық — жеңілдік кезеңі ұзартылды. Егер адам кемінде 5 жыл бойы МӘМС жарналарын төлеп келсе, кейін уақытша табыссыз қалып, төлем жасай алмаса да 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпайды. Бұл жұмыссыз қалған азаматтарға маңызды қолдау болмақ.
2026 жылдан бастап жарналарды есептеу үшін ең жоғары табыс шегі енгізіледі: жұмыс берушілерге – 40 ЕТЖ, жұмыскерлеге – 20 ЕТЖ.
Жоғары табыс табыстабатын азаматтарға ең жоғары есептеу шегі белгіленеді. Бірақ жарна мөлшерлемесі өзгермейді. Бұл жаңалық жалдамалы жұмыскерлердің тек 9 пайызына ғана әсер етеді, ал қалғандарға бұрынғы тәртіп сақталады.
Бұрынғыдай 15 әлеуметтік санаттағы азаматтарға МӘМС жарнасын мемлекет төлей береді. Олардың қатарында балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар бар. Айта кету керек, Қазақстанда МӘМС жарнасының мөлшері әлемдегі ең төмен деңгейлердің бірі – 2 пайыз.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Құматаева міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі мақсаты азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету дейді.
МӘМС жүйесі әділеттілік пен ортақ жауапкершілік принциптері бойынша дамып келеді. Оның басты мақсаты — әрбір адамға уақтылы, сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету, – деп түйіндеді




