Облыс аумағында 10-12 қазан аралығында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Тәртіп сақшылары үш күнде 550-ден астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеген, деп хабарлайды F16.kz.
Профилактикалық шара жолаушылар тасымалы саласындағы қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Мас күйде көлік тізгіндеген 18 жүргізуші ұсталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 37 көлік айыптұраққа қойылды, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалының заңсыз түрлерін алдын алу мақсатында рұқсат құжаттарының болмауы және заң талаптарын сақтамау бойынша 25 құқықбұзушылық анықталды.




