F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысының Нью-Йорктегі сапары аясында жоғары деңгейдегі кездесулер өтті

F16 F16
23.09.2025, 19:38
Жаңалықтар
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Нью-Йорктегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен жиыны 20-дан астам кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды F16.kz.

Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды.
Елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Көлік-логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларды қамтитын құжаттарда ел экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Президент Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді. Атап айтқанда:

– PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихомен кездесті. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар;

– Amazon компаниясының вице-президенті Дэвид Запольскимен цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.
Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған. Нәтижесінде еліміздің шалғай өңірлері жылдамдығы жоғары спутниктік интернетке қол жеткізеді.
– Meta вице-президенті Янн Лекунмен жасанды интеллектінің дамуы және қолданылуы жөнінде пікір алмасты;
– Cerberus Capital Management атқарушы директоры Фрэнком Бруномен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.
– Сhevron корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесуде корпорацияның еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны атап өтілді. Тәуелсіздік жылдары Сhevron Қазақстанға 55 миллиард доллар инвестиция құйды.
– Сондай-ақ ExonMobil компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудспен;
– Әлемдегі ең ірі Blackstone инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен;
– Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен;
– Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесулер өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-АҚШ бизнесінің ынтымақтастығын нығайту мақсатында дөңгелек үстел отырысына қатысты. Президент АҚШ-тың ірі корпорация басшыларымен ақпараттық технология, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы серіктестік мәселесін талқылады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық, экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылап, халықаралық ахуал жөнінде пікір алмасты.
Америка Президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан Президентімен болған әңгімелесуді қорытындылап, қол қойылған келісімдердің маңызына тоқталды. Соның бірі – еліміз үшін жалпы құны 4 миллиард доллар болатын 300 локомотив өндірісі.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен, Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы АҚШ үкіметінің өкілдерімен, атап айтқанда, Сауда министрі Говард Латникпен, Сауда палатасының бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкпен және АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Гормен екі ел арасындағы байланыстарды пысықтады.
Ең соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноны қабылдап, отандық футболдың деңгейін көтеру үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Атап өтерлік жайт, бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы күн тәртібі де барынша мазмұнды әрі белсенді болмақ.

Тегтер: F16АҚШБҰҰҚазақстанТоқаев
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған